Бас жаңалықтар
Климаттың өзгеруі тез қарқын алуда – БҰҰ өкілі
07 Қыркүйек 2021, 17:52 315

Климаттың өзгеруі тез қарқын алуда – БҰҰ өкілі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Климаттың өзгеруі уақыт өткен сайын кең таралып, тез қарқын алуда. 

Бұл мәселені орталық коммуникациялар алаңында БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори мәлім етті.

Ол жақын арада климат 1,5 градусқа төмендейтінін атап өтті. Бұл межеден асып кетпеудің бірден-бір жолы – күш-жігерімізді жеделдету және ең батыл жолмен жүру.

Көптеген әлеуметтік апат сияқты ауаның ластануы жаһандық теңсіздікті көрсетеді, ауаның ластануынан болатын өлім-жітімнің көп бөлігі төмен және орта табысты елдерде, сондай-ақ бай елдердің кедей аудандарында болады. Атмосфералық ауаның ластануы – трансшекаралық сипаттағы үлкен салдары бар жаһандық мәселе. Биылғы жылдың атауы – «Таза ауа, сау планета» - адам мен жаһандық денсаулық арасындағы байланысты көрсетеді. Бұл жалғасып жатқан COVID-19 дағдарысы жағдайында аса маңызды мәнге ие. Салауатты ортаға, оның ішінде таза ауа құқығы – денсаулықтың мықты болуына, қолжетімді және таза энергияға, тұрақты қалаларға, жауапты өндіріс пен Жердегі өмірге байланысты 2030 күн тәртібіне және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің маңызды қадамы, - деді ол.
Ол ағымдағы жылы қараша айындада Глазгода өтетін COP26 климаттық конференциясының алдында барлық ел шығарындылардың нөлдік коалициясына қосылуға, жаһандық жылынуды баяулатуға және қалыпты күйді кері қайтаруға берген уәдесін жаңғыртулары керек екендігін жеткізді.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...