Қиясовқа сөгіс жарияланды

21 Сәуір 2021, 18:05
1693
Бөлісу:
Қиясовқа сөгіс жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері - ДСМ вице-министрі Ерлан Қиясовқа Nur Otan партиясы белгісін тақпағаны үшін сөгіс жарияланды.

Бұл туралы Nur Otan партиясы Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Артур Платонов Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Айтуынша, Nur Otan мүшесі болып саналатын саяси қызметкерлер партия символикасын қолдануға, соның ішінде белгіні тағуға міндетті. Алайда бірқатар шенеунік бұл талапты орындамайды. Ерлан Қиясовтан бөлек, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов, Алматы әкімінің орынбасары Максат Кикимов және т.б. тақпайтыны анықталды.

Артур Платоновтың сөзінше, Nur Otan партиясы белгісін тақпаған шенеуніктерге сайлаушылар жиі шағым түсіреді екен.



Өзгелердің жаңалығы