Кинологиялық қызметті төбеттер толықтырады

5 Қазан 2020, 11:11
2387
Бөлісу:
Кинологиялық қызметті төбеттер толықтырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кинологиялық қызметті төбеттер толықтырады. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділда Ораз министрліктің дәстүрлі онлайн брифингінде айтты. 

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің кинологиялық орталығы өз қызметінде алғаш рет төбет тұқымды иттерді пайдаланады. Күшіктерді Алматыдан жақында жеткізді. Қазір төбеттер жаңа қызметке оқытылып жатыр. Орталық қызметкерлері төбеттерді полицияның жаңа бағыттарында пайдалану жақсы нәтиже беріп, кинологиялық қызметті жақында ұлттық төбеттер толықтырады деп үміттеніп отыр, - деді ол. 

Ораз атап өткендей, өткен аптада 3391 қылмыс жасалған. 

5 адам өлтіру дерегі тіркелді. Оның барлығы жедел іздестіру бойынша анықталды. Ауыр қылмыс көбінесе ішімдіктің әсерінен немесе жәбірленушілердің туған-туыстары, ауылдастары  тарапынан жасалады, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы