Кімдер коронавирусқа тез шалдығады

16 Сәуір 2020, 11:00
2699
Бөлісу:
Кімдер коронавирусқа тез шалдығады

Алматы, BAQ.KZ. Коронавирус COVID-19 өкпеге жағымсыз әсер ететіндіктен созылмалы обструктивтік өкпе ауруымен ауыратын адамдарда оған шалдығу қаупі жоғары.

Кардиология және ішкі аурулар  ҒЗИ-ның Жоғары білім  алудан кейінгі және қосымша білім беру департаментінің басшысы, профессор Сәуле Касенова созылмалы обструктивтік өкпе ауруы (COӨА) ұзақ жылдар бойы темекі тартып жүрген немесе жұмыс орнында, тұрғылықты жерінде ластанған ауаны жұтуға мәжбүр болған егде адамдарда жиірек пайда болатынын айтады. 

Ауру кезінде ентігу, қақырықпен жөтел пайда болады және ол спирометриялық тексеру нәтижесінде расталатын көрінеді.
СОӨА-мен ауыратын адамдарда коронавирустық инфекцияның дамуын алдын алу үшін мына ережелерді сақтауды ұсынамын: оқшаулану қажеттігі, қол, тұрғылықты жер гигиенасы, бөлмені жиі желдету қажеттігі, пульмонолог тағайындаған ингаляторларды үнемі қолдану қажеттігі. Тыныс алу, жөтел, сары түсті  қақырықтың, өкпенің сырылы пайда болған  жағдайда дәрілік терапияны түзету үшін телефон арқылы дәрігерге хабарласып, қажет болған жағдайда ингаляциялық терапияның дозасын немесе препараттарды қолдану жиілігін көбейту керек, - дейді профессор.
Сонымен қатар, ол карантин кезеңінде бронхолитикалық терапияны үйде жеке ингаляциялық аппаратта жүргізу қажеттігін айтады. 
Жеке пульсоксиметрдің мәліметтері бойынша оттегі қанығуы төмендегенде жеке оттегі концентраторында оттегі терапиясын да жүргізу керек. Ал, антибиотиктерді тағайындау мәселесін қан мен қақырықты лабораториялық зерттеу нәтижелері негізінде тек дәрігер шешеді, - дейді дәрігер.
Өзгелердің жаңалығы