Бас жаңалықтар
Халықтың әлеуметтік топтарына 4 мыңға жуық пәтер берілді – Қаржы министрі
20 Маусым 2019, 11:33 459

Халықтың әлеуметтік топтарына 4 мыңға жуық пәтер берілді – Қаржы министрі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылыққа бөлінген қаржының жартысы халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталды. Бұл туралы ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысына Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінде мәлімдеді.

Министр 2018 жылы тұрғын-үй коммуналдық шарушылығына 257 млрд теңге бөлінгенін, оның жартысынан көбі «Нұрлы Жер» бағдарламасына, яғни халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты. Жалға берілетін тұрғын үй құрылысы аясында 3678 пәтер кезекте тұрған халықтың әлеуметтік топтарына берілді. 

10,8 мың километр жылумен, электр қуатымен, газбен және сумен жабдықтау, су бұру желілері жаңартылды. Жаңартылған/салынған жылумен жабдықтау желілерінің үлесі – 2,2%, сумен жабдықтау – 7,1%, су бұру – 3,4% өсті. Орталықтандырылған көздерден ауыз сумен қамтамасыз ету қалаларда – 94,5% дейін, ауылдарда 60% дейін жетті. 

«Ауыл шаруашылығына 419 млрд теңге қаражат бөлінді. Бұл қаржы 2017 жылмен салыстырғанда 14,5% көп. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарды жүргізу үшін 1985 агроөнеркәсіп субъектілері қаржыландырылды. Бұл 3,2 млн гектар жерге егін егуге мүмкіндік берді. Ауыл шарашылығының жалпы өнімінің көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 3,4% өсіп, 4,4 трлн теңгені құрады. Бұл жалпы сомасы 209 млрд теңге жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік берді», - деді Смайылов қос палатаның бірлескен отырысында. 

Оның айтуынша, көлік және коммуникация секторында республикалық маңызы бар жолдардың 548 км жаңартылды. 1419 км автожолдар орташа жөндеуден және 64 км автожолдар күрделі жөндеуден өтті. Осы жұмыстардың нәтижесі жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар жолдардың үлесін 87% дейін жеткізуге мүмкіндік берді.


Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...