Халықаралық институттардың потенциалы төмендеп барады – сарапшы

11 Қараша 2019, 13:26
6779
Бөлісу:
Халықаралық институттардың потенциалы төмендеп барады – сарапшы
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елдер арасындағы саяси және экономикалық бәсеке әлем алдында тұрған проблемаларды шешуге мүмкіндік бермейді және жаһандық текетіреске әкелетін қауіпке айналуы мүмкін. Бұл туралы V "Астана клуб" отырысының сарапшылары мәлімдеді. 

Жаңа қырғи-қабақ соғыс секілді бұрынғы проблемалардың үдеуіне, қалыптасуына және тереңдеуіне алаңдаушылық білдіреміз. Мұның бәрі бүгінде технологиялардың дамуы аясында өтіп жатыр. Ертең бізбен біргесің бе, әлде бізге қарсысың ба деген сұрақ туындайды. Әлемдегі елдер мен халықтардың алдына осындай сұрақтар қойылады, - деді БҰҰ Бас ассамблеясы 67-сессиясының 2012-2013 жылдардағы президенті, Сербияның экс-сыртқы істер министрі Вук Еремич. 
Сарапшы кез келген конфликт ерте ме, кеш пе аяқталатынын, алайда "кейбір феномендер қала беретінін" айтты. Ол әлемде өзара қарым-қатынастарда кезекті өзгерістер байқалып отырғанын атап өтті.  
Климат пен геосаясаттың өзгеруін бірге алып қарауға болады. Біз екі процеске де алаңдаймыз. Үкімет, әлем көшбасшылары осыған жауап қайтарғандай болады. Десе де халықаралық институттардың потенциалы мен релеванттығы төмендеп барады. Бүгінде даму бағытымыз алдағы уақытта төмендеуге бейім екені мені алаңдатады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы