Әке, маған риза болғаныңнан үміттімін – Хабиб Нурмагомедов

23 Шілде 2020, 10:28
2040
Бөлісу:
Әке, маған риза болғаныңнан үміттімін – Хабиб Нурмагомедов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов әкесі Абдулманап Нурмагомедовтың қайтыс болғанынан кейін алғаш рет желіде жазба қалдырды

Хабиб Нурмагомедов Исра сүресінің 23-24-аяттарын мысалға алған. 

Алла Тағала былай дейді: "Раббың: "Одан өзге ешкімге құлшылық етпеңдер және ата-аналарыңа игілік жасаңдар!" - деп әмір етті. Егер олардың біреуі немесе екеуі де қартайып қалса, онда оларға "Уфф!" деме, айғайлама, бірақ сыпайы сөздермен сөйле. Екеуінің алдында мойынсыну қанатын мейірімменен жайып: "Раббым! Олар мені кішкентайымнан тәрбиелегендері үшін, оларды мейіріміңе бөле", - деп айт" (Исра сүресі, 23-24-аяттар).
Әке, сенің орның ойсырап қалды. Әке, сен дос, аға және жаттықтырушым болдың. Сен мені барлық нәрсеге үйреттің, маған риза болған шығарсың деп үміттенемін. Өйткені ата-аналардың ризашылығы Алла тағаланың ризашылығы ғой, - деп жазды чемпион.

Айта кетейік, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы - дағыстандық Хабиб Нурмагомедовтың әкесі әрі жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедов 3 шілде күні коронавирус індетінен қайтыс болды. 


Өзгелердің жаңалығы