Бұдан былай кез келген куәлікті кез келген жерден алуға болады - министр

19 Маусым 2020, 11:37
2853
Бөлісу:
Бұдан былай кез келген куәлікті кез келген жерден алуға болады - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Енді азаматтар қандай да бір куәлік алуды қай өңірде туғанына, тіркелгеніне немесе тұрғанына қарамастан кез келген тіркеуші органнан қалауы бойынша ала алады. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев халық алдындағы есептік кездесуінде айтты.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін азаматтық хал актілерін тіркеудің барлық түрлері бойынша эксаумақтық қағидат енгізілді. Енді қандай да бір куәлік алу қажет болған жағдайда, қай өңірде туғанына, тіркелгеніне немесе тұрғанына қарамастан, адам ол құжатты кез келген тіркеуші органнан қалауы бойынша ала алады, - деді министр. 

Бекетаевтың айтуынша, тіркеуші органның мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен ала алатын сот шешімі, медициналық куәлік, Қазақстан Республикасында тіркелген акт жазбалары туралы мәліметтер сияқты құжаттарды азаматтардың ұсыну қажеттілігі алынды.

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға байланысты азаматтық хал актілерін тіркеудің кейбір түрлері алынып тасталды. Екі куәлік: бала асырап алу немесе әке болуды анықтау және туу туралы куәліктің орнына тіркеуші орган баланың дербес деректері мен оның ата-аналары туралы деректерді қамтитын баланың тууы туралы бір ғана куәлік береді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы