"Кей жерде бұршақ жауады": Үш күнге арналған ауа райы болжамы

7 Тамыз 2020, 16:17
2481
Бөлісу:
"Кей жерде бұршақ жауады": Үш күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 8-10 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы үш күн ішінде Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік циклон өтеді, онымен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста кей жерде қатты нөсер жаууы ықтимал. Кей жерде дауыл тұрып, бұршақ жауады. Тек еліміздің шығысында күн райы ашық болады. Еліміздің аумағында жел күшейеді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы