Кентауда 100-ден астам көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтуде

2 Қазан 2020, 02:50
1798
Бөлісу:
Кентауда 100-ден астам көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» тұрғын үй қорын жаңғырту саласы бойынша өткен жылы Кентау қаласында 44 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен. Ал биылғы жылы 100-ден астам тұрғын үйге жөндеу жүргізілуде. Бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Аталған үйлердің шатырлары мен жертөлелері, инженерлік жүйелері жаңартылып, сыртқы келбеттері сырланған. Сондай-ақ, мердігер мекемелер тарапынан қосымша орындықтар мен жарықшамдар орнатылған. 

Бүгінде тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы жөндеу жұмыстары жоспарланған 74 көпқабатты тұрғын үйге қосымша 58 үйдің құжаттары әзірленіп, ағымдағы жылы жалпы 132 көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Айта кетерлігі, 132 көпқабатты тұрғын үйдің ішінен 112 үйде күрделі құрылыс жұмыстары мердігер мекемелер тарапынан жүргізілуде.

Жалпы, Кентау қаласында 368 көпқабатты тұрғын үй бар. Қала бойынша 2019-2021 жылдар аралығында көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу іс-шара жоспарына сәйкес, 2021 жылы 73 үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.




Өзгелердің жаңалығы