Кемшіліктер мен ескертулерді жою керек: Мамин әкімдерге жаңа тапсырма берді

23 Маусым 2020, 10:34
2134
Бөлісу:
Кемшіліктер мен ескертулерді жою керек: Мамин әкімдерге жаңа тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин әкімдерге алдағы жылыту маусымына байланысты тапсырмалар берді.

Жалпы былтырғы жылыту маусымы қалыпты режимде өтті. Әкімдіктегілер алдағы жылыту маусымына сапалы шараларын күшейтіп, кемшіліктер мен ескертулерді жоюы керек,- деді Асқар Мамин.

Осы ретте алдағы жылыту маусымына байланысты әкімдерге жаңа тапсырма берді.

Біріншіден, жылыту маусымы басталғанға дейін барлық тұрғын үй коммуналдық шарушалық обьектілері, әсіресе, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала обьектілерін, үйлердің дайындығын қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, барлық жоспарланған жөндеу жұмыстарын бекітілген кестеге сай аяқтап, бітіріңіздер. Көмір мен жылыту орталықтарын және қазандықтарды алдын ала қажетті отынмен қамтамасыз ету керек. Көмір бағасы ерекше бақылауға алынсын. Әсіресе, көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдаңыздар, - деді Премьер-министр.
Ол әкімдіктегілерге тұтынушылардың осы жылғы 1 наурызға дейінгі қалыптасқан коммуналдық қызметтері үшін дебиторлық берешектерін азайту шараларын қабылдауды тапсырды.
Сонымен қатар, автономды жылыту жүйелерінің үйлерінен қоғамдық тыс жерлерге шығаруды қамтамасыз ету керек. Тағы бір мәселе, иесіз электр желілерін анықтап, балансқа алуды, сондай-ақ, коммуналдық желілерді энергия беруші ұйымдарының балансына өткізуді жалғастырыңыздар. Энергетика және Индустрия министрліктері алдағы жылыту маусымына дайындық барысын бақылауды қамтамасыз етсін, - деді үкімет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы