Келер жылы елордада екі оңалту орталығы салынады – Көлгінов

18 Желтоқсан 2019, 14:52
3660
Бөлісу:
Келер жылы елордада екі оңалту орталығы салынады – Көлгінов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылы елордада мемлекет және жеке меншік есебінен екі оңалту орталығының құрылысы басталады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.

Тұрғындармен, ата-аналармен кездескенімізде оңалту орталықтарының жоқтығы анықталды. Ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелейтін ата-аналар тобынан көптеген шағым түсті. Қалада мұндай қажеттілігі бар 26 мың адам тұрады. Олардың ішінде церебралды сал ауруы, аутизм, Даун синдромы диагнозы бар балалар оңалту орталықтарымен қамтылмаған, - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.

Көлгінов елордада 2020 жылы мемлекет және жеке меншік есебінен екі оңалту орталығының құрылысы басталатынын айтты. Әкім иппотерапияға деген қажеттілік барын айтып, ипподром базасында иппотерапия және бейімдегіш ат спорты үшін жабық манеж құрылатынын жеткізді. Жоба мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылады.

Әкімнің сөзінше қалада 26,7 мың мүгедек бар. Оларға қызмет көрсететін инватакси саны биыл 22-ден 36-ға дейін көбейген. Келер жылы тағы 10 инватакси қосылады.


Өзгелердің жаңалығы