Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы 25 пайызға артты

17 Қазан 2021, 13:15
8834
Бөлісу:
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы 25 пайызға артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның ЕАЭО елдерімен 2021 жылғы қаңтар-тамыздағы өзара саудасы 15873,1 млн АҚШ долларын құрады.

Ол 2020 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда номиналды мәнде 25,1% көбейді, соның ішінде экспорт – 4878,9 млн АҚШ доллары (38% көп), импорт – 10994,2 млн АҚШ доллары (20,2% көп).

Ұлттық статистика бюросы хабарлағандай, Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,9%, Қырғызстан Республикасына – 3,6%, Беларусь Республикасына – 3,4%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.

Өзгелердің жаңалығы