Бас жаңалықтар
Қазақстанға Мбаппе, Гризмандар келеді
08 Желтоқсан 2020, 10:43 1295

Қазақстанға Мбаппе, Гризмандар келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швейцарияның Цюрих қаласында футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесі тартылды.

Қазақстан құрамасы D тобында бақ сынайды. Бұл топта Франция, Украина, Финляндия, Босния және Герцеговина құрамалары бар.

Әр топта ең көп ұпай жинағандары 2022 жылғы әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Сонымен қатар қосымша үш жолдама ойнатылады. Оған топтық кезеңде екінші орын алған 12 құрама мен 2020/2021 жылғы Ұлттар лигасының екі жеңімпаз үміткері таласады. 

Іріктеу турнирі 2021 жылдың 24 наурызында басталып, 16 қазанда аяқталады.

Еуропа құрлығы бойынша 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі:

А тобы: Португалия, Сербия, Ирландия, Люксембург, Әзербайжан;

В тобы: Испания, Швеция, Грекия, Грузия, Косово;

С тобы: Италия, Швейцария, Солтүстік Ирландия, Болгария, Литва;

D тобы: Франция, Украина, Финляндия, Босния, Герцеговина және Қазақстан;

Е тобы: Бельгия, Уэльс, Чехия, Беларусь, Эстония;

F тобы: Дания, Австрия, Шотландия, Израиль, Фарер аралдары, Молдова;

G тобы: Нидерланды, Түркия, Норвегия, Черногория, Латвия, Гибралтар;

Н тобы: Хорватия, Словакия, Ресей, Словения, Кипр, Мальта;

І тобы: Англия, Польша, Венгрия, Албания, Андорра, Сан-Марино;

J тобы: Германия, Румыния, Исландия, Солтүстік Македония, Армения, Лихтейнштейн.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...