Қазақстандықтар тамызда неше күн демалады?

27 Шілде 2021, 02:22
2957
Бөлісу:
Қазақстандықтар тамызда неше күн демалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаздың соңғы айында қазақстандықтар қосымша он күн демалады. 

Мемлекеттік мереке саналатын 30 тамыз - Конституция күні дүйсенбіге түсіп тұр. Сондықтан 28, 29 және 30 тамыз күндері демалыс болады. 

Мереке 30 тамызда аталады. 1995 жылы дәл осы күні Қазақстан халқы жалпыұлттық референдум барысында Конституция жобасын қолдап дауыс берді. 

Дәстүр бойынша жыл сайын мерекелік іс-шаралар өтеді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты мерекелік бағдарлама түбегейлі өзгерістерге ұшырауы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы