Қазақстандық үш гимнаст Дохадағы Әлем кубогінің финалына шықты

23 Маусым 2021, 23:29
4157
Бөлісу:
Қазақстандық үш гимнаст Дохадағы Әлем кубогінің финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Катар астанасы Дохада спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр. Лицензиялық турнирде үш қазақстандық спортшы финалға шықты, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Милад Карими екі жаттығу бойынша финалға шықты. Ол гимнастикалық ат снарядында сегізінші, еркін жаттығуда үшінші нәтиже көрсеткен. 

Нариман Курбанов гимнастикалық ат снаряды бойынша іріктеуден бірінші орын иеленді. Ол финалда үздіктердің бірі ретінде бақ сынайды. 

Сондай-ақ, Ілияс Азизов еркін жаттығуда бесінші нәтиже тіркеп, ақтық сынға жолдама алды. 


Өзгелердің жаңалығы