Бас жаңалықтар
Қазақстандық студенттер мен оқушыларға арналған жаңа бағдарлама іске қосылды
23 Қазан 2020, 10:18 223

Қазақстандық студенттер мен оқушыларға арналған жаңа бағдарлама іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana Hub серіктесі қазақстандық студенттерге арналған Startup Explore бағдарламасын іске қосады. Бағдарлама тегін оқуға арналған грант орындарын ұсынады.

Орталық Азиядағы ірі IT-стартаптар технопаркі Astana Hub HexGn халықаралық зерттеу және консалтингтік ұйымымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Компанияның бағдарламалары әлемнің 20-дан астам елдеріне тараған. 

Ынтымақтастық аясында Hexgn жоғары сынып оқушылары мен қазақстандық студенттер үшін Startup Explore бағдарламасын іске қосады. Бағдарлама тегін оқуға арналған грант орындарын ұсынады. 

Startup Explore бағдарламасы - бұл инновациялық экономика саласындағы мамандарды оқытуға және даярлауға бағытталған 24 апталық преакселерациялық бағдарлама. Бағдарлама аясында жасанды интеллект, финтех, киберқауіпсіздік, электрондық коммерция салаларындағы сарапшылармен теориялық және практикалық сабақтар өтеді. 

Startup Explore бағдарламасы өзінің стартап-жобасын құрып, IT-индустрияны дамытудың перспективалық бағыттарын зерделеуді және инновациялық экономикада жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды дамытуды жоспарлап жүрген жастар үшін пайдалы болады. 

Оқу бағдарламасы онлайн өтеді, бағдарламаға қатысу үшін өтінім қазақстандық студенттер мен жоғары сынып оқушыларынан 2020 жылдың 1 қарашасына дейін қабылданады. Бағдарламаның оқу ағылшын тілі өтеді. Оқу бағдарламасы 2020 жылдың 2 қарашасында басталады. Бағдарлама қорытындысы бойынша қатысушыларға Startup Explore өткендігі туралы сертификат берілетін болады, - делінген Astana Hub хабарламасында. 

Тіркелу үшін - https://hexgn.com/explore-startup/, оқу орнын тіркеу үшін - https://hexgn.com/for-colleges/ өту қажет.


Фото: дереккөз
Загрузка...