Қазақстандық Малайзиядағы Азия кубогында жеңімпаз атанды

26 Тамыз 2019, 15:05
1824
Бөлісу:
Қазақстандық Малайзиядағы Азия кубогында жеңімпаз атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Малайзияда маунтинбайктан Азия кубогінің кезекті сериясы аяқталып, қазақстандық Кирилл Казанцев жеңімпаз атанды деп хабарлады Olympic.kz.

"Олимпиадалық кросс-кантриден өткен жарыста қазақстандық спортшы мәреге бірінші болып келді. Казанцевтің уақыт көрсеткіші – 1:35.43. Екінші және үшінші орында жапон спортшылары иеленген. Темірлан Мұхамедиянов пен Әділ Шәкіров тиісінше бесінші және алтыншы орынды иеленді" - делінген таратылған ақпаратта. 

Сондай-ақ, эстафетада қазақстандықтар мәреге бірінші болып келді. Эстафеталық сында Қазақстан намысын Кирилл Казанцев, Егор Карасев,Татьяна Богданова және Александр Дымовских қорғаған болатын.   
Өзгелердің жаңалығы