Қазақстанда жаңа телеарна ашылды

29 Шілде 2021, 04:11
1058
Бөлісу:
Қазақстанда жаңа телеарна ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. OTAU TV ұлттық жерсеріктік телевизия желісінде (49-арна) Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы базасында құрылған MUNARA TV республикалық рухани-ағартушылық телеарнасы ашылды. 

Бұдан былай ҚМДБ-ның телевизия саласындағы ақпараттық-насихат жұмыстары осы MUNARA TV телеарнасы арқылы таратылады.

Енді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының телевизия саласындағы ақпараттық-насихат жұмыстары осы MUNARA TV телеарнасы арқылы таратылады. MUNARA TV халықтың діни сауатын арттыруды, жас көрермен бойына имандылық, адамгершілік, патриотизм сынды құндылықтарды қалыптастыруды көздейді, – делінген діни басқарма таратқан ақпаратта.

Діни басқарманың төл телеарнасы мен радиосын ашу 2020-2025 стратегиялық даму бағдарламамызда жазылған. Болашақта MUNARA FM рухани-танымдық радиосын ашу жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы