Қазақстанда тағы бір байланыс операторы пайда болады

21 Сәуір 2021, 18:28
12569
Бөлісу:
Қазақстанда тағы бір байланыс операторы пайда болады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин «Қазақпарат» ХАА АҚ ұжымымен кездесу барысында айтты.

Қазір біз нарықта үшінші оператордың пайда болуы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ онда бір проблема туындап отыр. Ол радиожилікке шыға алмай отыр. Радиожиілік алайын десе, оған «алдымен рұқсат ал» дейді. Ал рұқсат алуға барса, «сен алдымен радиожиілікке қол жеткіз, сосын рұқсат береміз» дейді. Сондықтан радиожиілікті алуға мүмкіндігі болмай отыр. Біз қазір осы мәселелерді шешіп жатырмыз. Құдай қаласа, келер жылы ұялы байланыстың тағы бір операторы пайда болады, - деді ол.

Жұманғарин атағандай, оператор «Транстелеком» компаниясынан ашылады.

2025 жылға таман ол нарықтың 5 пайызына ие болады деп болжап отырмыз. Бірақ мұны есептер растамады. Операторларда жылдам өсу байқалатынын айта кету керек. Сондықтан бұл оператор 2025 жылға дейін нарықтың 2,5 пайызын алуы керек деп отырмыз, - деді ол.

Агенттік төрағасы «Транстелеком» компаниясы ауылдық жерлер мен темір жол аясындағы аймақтарға қызмет көрсететін жеке меншік компания екенін айтты.

Айта кетейік, кездесу барысында Серік Жұманғарин әуежайлардағы қымбатшылық туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы