Қазақстанда кибершабуыл саны 3 есеге артқан

2 Наурыз 2021, 00:15
2180
Бөлісу:
Қазақстанда кибершабуыл саны 3 есеге артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың қаңтар айында 3 мыңнан аса кибершауыл тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңінен 2,8 есе жоғары. 2020 жылдың қаңтарында аталған көрсеткіш керісінше 30,5%-ға төмендеген еді, деп хабарлады ranking.kz.

2018-2022 жылдары ел халқының IT сауаттылық деңгейін көтеруге негізделген «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталған мемлекеттік жоба негізінде бұл көрсеткіште 77%-дан 83%-ға жеткізу жоспарланған. 2019 жылы халқымыздың цифрлық сауаттылық деңгейі жоспарланған 78,5%-дан асып, 82,1%-ға жетті. Осылайша Қазақстан БҰҰ-ның киберқауіпсіздік бойынша рейтингінде 40-орынға тұрақтаған. Алайда ел халқының IT қатерлерді түсіну көрсеткіші 63% шамасында, – деп жазған Рrimeminister.kz.

2021 жылдың алғашқы айында тіркелген 3 мың кибершабуылдың 2,7 мыңы – ботнеттер. Ботнет деген – компьютерлерді иелерінің келісімінсіз қашықтықтан басқаруға мүмкіндік беретін вирустық бағдарламалар желісі. Бот-желілердің көмегімен қылмыскерлер спамдарды жібере алады, вирус тарата алады, компьютерлер мен серверлерге шабуыл, сондай-ақ басқа қылмыстар мен алаяқтық түрлерін жасай алады. Елімізде мұндай жағдайлар саны 3,2 есе өскен. 

Өзгелердің жаңалығы