Бас жаңалықтар
Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін 161 мыңнан аса бала бар
02 Ақпан 2021, 16:11 347

Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін 161 мыңнан аса бала бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында Қазақстан Республикасында инклюзивті білім берудің дамуы туралы баяндалды.

Отырыста Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің Инклюзивтік және арнайы білім басқармасының басшысы Әйгерім Кудеринова баяндама жасады.

Білім туралы заң бойынша ерекше білім беруді қажет ететін балалардың санатына, денсаулығына байланысты қиындықтарға тап болған балалар санаты жатады. Бүгінгі таңда олардың саны 161 мыңнан асады. Өкінішке қарай, бұл санаттағы балалардың саны жыл сайын 3 пайызға өсіп отыр, - деді ол.

Басқарма басшысының сөзінше, арнайы жағдайлар жасауды талап ететін, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың санаттарына қарасақ, ең көп балалардың саны психикалық дамуы тежелген балалардың саны 50 мыңнан асады. Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың саны 47 мыңнан асып отыр.

Нашар көретіндер – 8 004, нашар еститіндер – 3 857, ақыл-есі кем – 25 045, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы – 18 841, аутизм спектрінің бұзылуы – 5 193, естімейтіндер – 2 054, көзі көрмейтіндер – 313.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың шамамен 50 пайызы ерте жаста оңалтылуы мүмкін. Мұндай санатқа кіретін балаларды оқытумен, тәрбиелеумен қамту мектепке дейінгі ұйымдардан ЖОО-ларға дейін жүргізіледі, - деп түсіндірді ол.

Мектепке дейінгі балабақшаларда 37 970 астам бала тәрбиеленеді. Орта білім беру ұйымдарында 95 497 бала оқиды. Колледждерде 2 900 бала және ЖОО-ларда 3 520 бала оқиды.


Фото: дереккөз
Загрузка...