Бас жаңалықтар
Қазақстанда бір аптада қанша қылмыс тіркелді?
30 Қараша 2020, 11:16 243

Қазақстанда бір аптада қанша қылмыс тіркелді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингі барысында ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз айтты. 

Өткен аптада елімізде 3276 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, оның 2188-і «ізі суымай» ашылды. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жедел әрекет етуі арқасында 8 адам өлтіру, 4 денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 2 қарақшылық және 42 тонау оқиғалары әшкере болды, - деді ол. 

Сондай-ақ, Нұрділда Ораз құқық тәртібін қамтамасыз ету және халықты қылмыстан қорғау жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру үшін ІІМ «Қазақтелекомның» бейнебақылау жүйесін пайдаланатын болады.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев қалалық бейнебақылау жүйелерін дамыту және ауқымды деректерді талдауды қолдану саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға Ақмола облысының Ақкөл қаласында қол қойды. Ақкөл қаласы – «Smart City» жобасы іске асырылған Қазақстандағы бірінші қала, - деді Ораз.  

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдан бастап елімізде «қауіпсіз қала» тұжырымдамасы аясында қалаларды бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету бойынша жоба іске асырылуда.

Ораз айтқандай, ел бойынша 350 мың пәтерді қамтитын кіреберістерде 34 мыңға жуық бейнекамера орнатылды.

Қол қойылған меморандум аясында қазтелекомның біріңғай бейнебақылау жүйелері ІІМ жүйесіне біріктірілетін болады. Бұл подъездердегі камералардан полицияның жедел басқару орталықтарының мониторларына суреттерді шығаруға және қоғамдық тәртіпті бұзуға дереу ден қоюға мүмкіндік береді. Бүгінде ІІМ өңірлердің жедел басқару орталықтарына қосылған 6 мыңға жуық бейнебақылау камераларын пайдаланады. Олардың көмегімен жыл басынан бері 5,5 мыңнан астам қылмыс ашылып, 408 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, - деді ол.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...