Қазақстан Түркияға өрт сөндіретін екі ұшақ жіберді

7 Тамыз 2021, 14:30
6959
Бөлісу:
Қазақстан Түркияға өрт сөндіретін екі ұшақ жіберді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Түркияға өрт сөндіретін екі ұшақ жібереді. 

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлады inform.kz.

Қазақстан Түркияға өрт сөндіретін екі ұшақ жіберді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі суағар құрылғылары бар «Қазавиақұтқару» АҚ-ның Ми-8 АМТ екі тікұшағын және құрамында 16 құтқарушы бар жедел тобын орман өрттерін сөндіруге көмек көрсету үшін Түркия Республикасына жіберді, - деді Талғат Уәли.
Қазақстан Түркияға өрт сөндіретін екі ұшақ жіберді

Қазақстандық тікұшақтар бүгін ұшып шықты және үш мемлекетте аялдап, олардың шекарасы арқылы Түркияның Мұғла қаласына жетеді. Жедел топты Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында ҚР ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев шығарып салды.

Қазақстан Түркияға өрт сөндіретін екі ұшақ жіберді
Біздің құтқарушыларымыздың жергілікті түрік билігімен өзара іс-қимылын Қазақстанның Түркиядағы елшілігі үйлестіреді. Сондай-ақ Қазақстан өртенген аумақтардағы орман жамылғысын қалпына келтіруге гуманитарлық көмек көрсетуге ниетті. Отырғызылған орман қазақ және түрік халықтарының арасындағы достық пен бауырластық байланыстардың символы болады, - деді ресми өкіл.
Қазақстан Түркияға өрт сөндіретін екі ұшақ жіберді

Еске салсақ, Түркияны бірнеше күннен бері алапат өрт әбігерге салып келеді. Табиғи апат салдарынан елдің қаншама көркем жері, демалыс орындары өртке оранды. Елдің оңтүстігінде 12 орман өртін сөндіру әлі де жалғасуда. Олардың ішіне Анталья мен Мұғла курорттық провинцияларындағы тоғыз өрт кіреді. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жойқын өрттен аумақтарды қалпына келтіру үшін Түркияның әр тұрғынына үш көшеттен отырғызуға уәде берді.
Өзгелердің жаңалығы