Қазақстан 2 млн гектар экожүйені қалпына келтіреді  – Омарбекова

22 Маусым 2021, 11:38
4755
Бөлісу:
Қазақстан 2 млн гектар экожүйені қалпына келтіреді  – Омарбекова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы БҰҰ ДБ сарапшысы Айман Омарбекова «Қазақстанның экожүйесін қорғау» тақырыбында өткен брифингте айтты.

Біз БҰҰ даму бағдарламасы ретінде Үкімет, қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. БҰҰ ДБ экожүйенің алуантүрлілігін сақтау бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Жақында шөл экожүйелерін сақтау бойынша жұмыс анықталды. Қазір орман экожүйесін сақтау жұмыстары жүзеге асырылып жатыр, - деді Омарбекова.

Оның айтуынша, экожүйенің сақталуы адамдарға тікелей қатысты болады.

Оларды сақтап қана қоймай, қалыпқа келтіру қажет. БҰҰ ДБ-сында әр адам жүзеге асыратын тәртіптер бар. Оған өзіңнің айналаң мен табиғатқа зиян келтірмейтін тауарларды тұтыну жатады. Алайда әрбір ел қабылдауы керек шаралар да бар. Қазақстан 2 млн гектар экожүйені қалпына келтірмекші. Бұл Қазақстанның әлемдік қалыпқа келтіруге қосатын үлесі болады. Себебі жердің тозуын алдын алмасақ, экожүйелердің дамуы нашарлайды, - деді ол.

Өз кезегінде Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының басқарма төрайымы Айгүл Соловьева жердің тозуы бойынша қауымдастық 4 жылға созылатын жобаны бастағанын айтты.

Біз бұл сұрақ бойынша құзырлы жүйе мен адамдарды тартамыз. Бұл ауқымды жоба болады. Бұл экожүйені қорғау ғана емес, сақтау болып есептеледі. Оған улы және қатты қалдықтарды жою да жатады, - деді Соловьева.
Бұған дейін Айгүл Соловьева Қазақстанда StopMusor әлеуметтік жобасының екінші кезеңі басталғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы