Қазақстанда StopMusor әлеуметтік жобасының екінші кезеңі басталды

22 Маусым 2021, 11:24
4112
Бөлісу:
Қазақстанда StopMusor әлеуметтік жобасының екінші кезеңі басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылғы 22 маусымда Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы Қазақстанның барлық қаласын қамтитын «StopMusor» әлеуметтік жобасының екінші кезеңі басталды. 

Бұл туралы Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының басқарма төрайымы Айгүл Соловьева «Қазақстанның экожүйесін қорғау» тақырыбында өткен брифингте айтты.

«StopMusor» жобасының мақсаты - халықтың сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыру арқылы халыққа арнайы жәшікке жеткізуді үйрету.

Осы жылы маусым айының басында БҰҰ экожүйені қалпына келтіру онжылдығының басталғанын жариялады, ол азаматтарды, үкіметтер мен корпорацияларды бір ортақ мақсатқа – табиғи аумақтардың жойылуын болдырмауға, тоқтатуға және қалпына келтіруге бағытталған. Бұл процесс қоғамның барлық өкілімен бірлесіп, жергілікті жерлерде мыңдаған бастамаларды қамтитын болады. Қазақстан үшін осындай бастамалардың бірі «StopMusor» жобасын өңірлік деңгейде жалғастыру болып табылады. Себебі қоқыстанудың жоғары деңгейі эко-ортаның қалпына келу қарқынына да әсер етеді, - деп атап өтті брифингте Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының басқарма төрайымы Айгүл Соловьева.

2020 жылы «StopMusor» жобасы өзінің оң нәтижелерін көрсете отырып, екі қалада бір миллионнан астам адамды қамтыды. Биыл жоба өңірлердегі еріктілерді тарта отырып, Қазақстанның барлық қаласын онлайн және офлайн белсенділік арқылы гибридті форматта қамтуды жоспарлап отыр.

Мысалы, 24-27 маусым аралығында «StopMusor» жобасының Алматы облысындағы белсенділері «Trash flot» экологиялық акциясына қатысады. Бұл үшін қатысушылар қоқыстан арнайы жүзетін құрал жасап, Іле өзені бойымен жүзе отыра, онда өзен жағасында қоқыс жиналады, - деп жалғастырды Айгүл Соловьева.

Айта кетейік, «StopMusor» әлеуметтік жобасын «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС қаржылық қолдауымен Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы іске асырады.

Өзгелердің жаңалығы