Бас жаңалықтар
«ҚазАқпаратқа» жаңа төраға келді
05 Қазан 2021, 13:13 269

«ҚазАқпаратқа» жаңа төраға келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдос Нәшірәлі «ҚазАқпарат» басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Бұл туралы ҚР АҚДМ баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 4 қазандағы бұйрығымен Елдос Нәшірәлі «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Ақпараттық агенттіктің жаңа төрағасын ұжымға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев таныстырды, - делінген хабарламада.


Вице-министр Елдос Нәшірәлінің ақпарат саласындағы басшылық қызметтердегі үлкен тәжірибесін атап өтті.

Елдос Наширали 1984 жылы 29 қаңтарда дүниеге келген.

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетін бітірген;

Мэсси университеті, Жаңа Зеландия, «Болашақ» бағдарламасының түлегі (2009) «Мемлекеттік саясат магистрі»

2010 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бас сарапшысы қызметін атқарды.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сарапшысы болып жұмыс істеді;

2012-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Президенттің баспасөз қызметінің сарапшысы, консультанты, инспекторы;

2016 жылдан 2018 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі БАҚ саласындағы Мемлекеттік саясат департаментінің директоры;

2019 жылдан 2021 жылға дейін «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарушы директор қызметін атқарды.

2021 жылғы 2 маусымда «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.


Фото: дереккөз
Загрузка...