Қайта вакциналау кезінде қандай екпе салдырған дұрыс?

8 Қараша 2021, 16:47
1218
Бөлісу:
Қайта вакциналау кезінде қандай екпе салдырған дұрыс?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Алматы Орталық клиникалық аурухана директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова хабарлады. Оның айтуынша, қайта вакциналау кезінде кез келген екпені салдыруға болады.

Бірақ дәрігерлердің ұсыныстарына сәйкес, оны басқа түрмен жасаған абзал.

Егер бастапқы вакцина белсенді емес екпе болса, онда ревакцинацияны векторлық және керісінше жасаған дұрыс. Вакцинаның түріне байланысты ревакцинацияны толық бастапқы вакцинациядан кейін 6-9 айдан кейін жүргізуге болады.

Бірінші кезекте коронавирусқа осал азаматтардың санаттары: медицина қызметкерлері, педагогтар, құқық қорғау органдарының өкілдері індетке қарсы қайта екпе ала бастайды.

Сондай-ақ, Ибрагимованың айтуынша, дәрігерлер иммунитеті әлсіз, созылмалы аурулары бар және қарт адамдарға ревакцинация жасауды ұсынады.

Бақылау көрсеткендей, алты айдан кейін вакциналанған антиденелердің деңгейі төмендейді, яғни аурудың ықтималдығы артады, – деді аурухана директорының орынбасары.

Қайта вакцинациялау кезінде «Спутник V», QazVac, Vero Cell вакциналарының қолданыстағы түрлері салынады. Қазіргі уақытта қалада олардың жеткілікті саны бар.

Екпені қалада жұмыс істейтін 137 егу пунктінің кез келгенінен алуға болады.

Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналаудың бірінші курсынан өткен адам тұмауға қарсы егіліп, ревакцинациядан өте алады. Мамандар мұның себебін бұл мүлдем басқа вакциналар болып табылатындығымен түсіндіріп отыр.

Бүгінде COVID-19-ға қарсы вакцинаның І компонентін 1 002 324 қала тұрғыны салдырды. ІІ компонентін 940 084 адам алған. Барлық егілген алматылықтардың 121 018-і – 60 жастан асқандар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда әзірге ұжымдық иммунитет толық қалыптаспағандығы туралы жазған болатынбыз.



Өзгелердің жаңалығы