Қатемді толық мойындаймын. Адамды қағып өлтірген полицей оқиғаның мән-жайын түсіндірді

14 Маусым 2021, 14:14
4943
Бөлісу:
Қатемді толық мойындаймын. Адамды қағып өлтірген полицей оқиғаның мән-жайын түсіндірді
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қатемді толық мойындаймын. Марқұмның туыстарына қайғыра көңіл айтамын, дейді патрульдік полиция көлігінің рөлінде болған полицей.

Алматы қаласы Алатау ауданындағы Полиция басқармасындағы польк қызметінде жұмыс істейтін Бақтияр Төлеутай қайғылы оқиғаға қатысты түсінік берді.


Бүгін, 14 мауым күні сағат 6.45 шамасында Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытта кетіп бара жатқанымда алдымдағы автокөлік солға қарай бұрылмақшы болды. Мен одан қашып, көлік жуу орталығына қарай бұрылып кеттім. Сол жерде байқаусызда әйел адамды қақтым. Кінәмді толық мойындаймын. Марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтамын, - деді ол.

Бұған дейін Алатау ауданында полиция көлігі әйелді қағып өлтіргенін хабарлағанбыз.

Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 345-бабы, 3-бөлімі бойынша тіркелді. Қылмыстық істі Алматы қалалық ПД анықтау басқармасы жүргізіп жатыр. Жүргізушіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы