Аналар министрліктің алдына еріккендерінен келмейді – Шәпкенов

14 Маусым 2021, 14:07
2398
Бөлісу:
Аналар министрліктің алдына еріккендерінен келмейді – Шәпкенов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналардың министрлік алдына келіп, талап қоюларының себебіне тоқталды.

Оның айтуынша, ешқайсысы министрлік алдына еріккендерінен келмейді. 
Өзінің жанайқайын жеткізу үшін келеді. Олардың себептері де әртүрлі болады. Біреу жеке басының мәселесін айтып келсе, екіншісі көпшілікке ортақ проблеманы көтеріп талап қояды. Алайда олардың барлығының айтарын тыңдаймыз. Министрлік олардың мәселесін назарсыз қалдырмайды. Менің арнайы кеңесшілерім бар. Оның бірі - мүмкіндігі шектеулі азамат санатына кіреді. Талап қойып, мәселесін айтып келген жандардың айтқанынан қорытынды шығарып, оны жүйелі түрде шешуге назар аударамыз, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Бұған дейін ол «Әр балаға 42 500 теңге төлеу мүмкін бе?» деген сұраққа жауап бергені туралы жазғанбыз.

Өзгелердің жаңалығы