Бас жаңалықтар
«Қасым хан» сериалын түсіру кезінде 30 млн теңге жымқырғандарға қатысты үкім шықты
26 Қаңтар 2021, 17:43 251

«Қасым хан» сериалын түсіру кезінде 30 млн теңге жымқырғандарға қатысты үкім шықты

Алматы, BAQ.KZ. «Қазақфильм» филиалының бұрынғы басшысы екі жылға бас бостандығынан айырылды. 

Экономикалық тергеу департаменті «Қасым хан» сериалына «Қазақфильм» бөлген қаржының ұрлануына қатысты істі аяқтағанын мәлімдеді. Бұл іс бойынша «Қазақфильмнің» филалы «Кинопроект «Қасым хан» АҚ-ның директоры Ахметова мен басқа да тұлғалар айыптауға іліккен. 

Олардың қызметтік өкілеттілігін пайдалана отырып 29,9 млн теңге бюджет қаржысын ұрлағаны дәлелденді, бұл қаржы сериал үшін пиротехника сатып алуға бөлінген. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілер «Қазақфильм» АҚ-на келтірілген шығынды толықтай қайтарды, - делінген хабарламада. 

Сот «Кинопроект «Қасым хан» филиал директорын ҚР ҚК 189-бабы 3-тармақшасының 1,2-бөлігі бойынша екі жылға бас бостандығынан айырды. Тағы екі сыбайласын пробациялық бақылауды белгілей отырып, үш жылға дейін шартты түрде жаза кесті және 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тарту бекітілді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...