Каспий теңізі қызыл түске боялды

10 Ақпан 2020, 10:35
5195
Бөлісу:
Каспий теңізі қызыл түске боялды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Приморье ауылының жағалауындағы су қызыл түске боялып, жергілікті тұрғындардың зәресін ұшырды.

Бұл туралы lada.kz жазды.

Осыған ұқсас жағдай Caspian Riviera қонақүйінің лагунасынан байқалды. Ол кезде су қызыл түске диатомдық балдырлардың әсерінен боялғаны хабарланған еді. Олар балықтарға еш қауіп төндірмейді.

2018 жылы 1-шағын ауданның жағалауында, "Шағала" қонақүйінен "Нұр плаза" жағажайына дейінгі теңіз суы да қызыл түске боялған.

Экологтардың айтуынша, аталған жағдайдан қоршаған орта ластанбайды. Жағалауда қызыл түске ие көптеген шылау мен балдырлар бар. Солардың әсерінен теңіздегі су да қызыл түсті болған.

Өзгелердің жаңалығы