Қашықтан оқытуға байланысты мұғалімдердің жалақысы қысқарғаны рас па?

17 Қараша 2020, 13:38
23364
Бөлісу:
Қашықтан оқытуға байланысты мұғалімдердің жалақысы қысқарғаны рас па?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте қашықтан оқыту форматына байланысты мұғалімдердің жалақысы қысқарғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

Жуырда әлеуметтік желілерде қашықтан оқыту форматына байланысты мұғалімдер жалақысы қысқарған деген ақпарат шықты. Осы ақпаратқа қатысты вице-министр егер мұндай жағдай анықталса, әр жағдай жеке анықталуы керек екенін айтты.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы айтқандай, ешқандай жалақыдан қысқарту болмайды. Әр жағдайды жеке қарау керек. Егер еңбекақысы кесілген тұлғалар нақты көрсетілетін болса, бұл мәселе бойынша қорытынды шығарып, ұсыныс жасайтын боламыз, - деп түсіндірді Рүстем Биғари.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы барысында мұғалімдердің жалақысын 25%-ға дейін өсіруді тапсырған болатын.

Өзгелердің жаңалығы