Кашмирде Үндістан мен Пәкістан әскерлері арасында атыс болды

20 Қазан 2019, 15:44
1893
Бөлісу:
Кашмирде Үндістан мен Пәкістан әскерлері арасында атыс болды

Алматы, BAQ.KZ. Кашмирдің Үндістан бақылауындағы бөлігінде екі ел әскерінің атысынан бір бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы 3 адам жарақат алды. Бұл туралы NDTV телеарнасы хабарлады. 

Телеарнаның мәліметінше, соңғы күндері бұл аумақта Үндістан мен Пәкістан жауынгерлері арасында атыс жиілеп кеткен. Өткен аптада Үндістан құрлық күштерінің екі сарбазы атыс кезінде көз жұмған. 

Үндістан билігі бұл аймақта оқ атпау келісімі жасалғанымен, атыстың болу жағдайы әлі жоғары  деңгейде сақталып отырғанын мәлімдеді. Жыл басынан бері бұл аймақта атыстан 21 адам қаза тауыпты.
Өзгелердің жаңалығы