Қаржы нарығын реттейтін тәуелсіз органды құру 10 млрд теңгені қажет етеді

24 Маусым 2019, 12:39
2172
Бөлісу:
Қаржы нарығын реттейтін тәуелсіз органды құру 10 млрд теңгені қажет етеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заң жобасы мақұлданды.

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев заң жобасын таныстырған кезде екі негізгі бағыт барын атап өтті.

«Бірінші бағыт – қаржы секторын реттеудің тәуелсіз органын құру. Елдің экономикалық өсуіне жәрдемдесу үшін Ұлттық Банк ақша-кредит саясатының тиімділігіне және инфляцияны бақылау шараларын іске асыруға шоғырландыруға ниетті. Қаржы нарығын реттеу мен дамыту,  тұтынушылардың құқықтарын қорғау функцияларын Қаржы нарықтарын реттеу мен дамыту агенттігіне беру ұсынылады",- деді Досаев.

Төраға экономиканы сапалы дамыту үшін Ұлттық банк мемлекеттік қаржылық қолдау бағдарламаларын, оның ішінде экономиканың басым салаларын реттеу бағдарламасын, "7-20-25" бағдарламасы және басқа да бағдарламаларлы екінші деңгейлі банктер арқылы іске асыруды жалғастыратынын айтты.

"Агенттік өз тарапынан қаржы нарығындағы қаржы ресурстарын бөлу тиімділігін арттыруға, жаңа қаржы өнімдерін және қызметтерін енгізуге, оларды халықтың бизнесі үшін қолжетімділігін арттыруға бағытталады. Ұлттық Банк пен Агенттіктің қызметі тығыз, оның ішінде басқару органдарында өзара өкілдік ету арқылы және ҚР президенті жанындағы консультативті кеңесші орган болып табылатын қаржылық тұрақтылық жөніндегі қызметі шеңберінде өзара іс-қимыл арқылы үйлестіріледі. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету макроэкономикалық саясат шараларын іске асырумен, қаржы дағдарысының алдын алу, төлем жасауға қабілетсіз банктерді реттеумен және жүйелі маңызды банктердің қалыпқа келтіру шараларын қаржыландырумен байланысты мәселелер міндетті түрде қаралуға тиіс",- деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның айтуынша, Ұлттық банк секілді жаңа агенттік те ҚР президентіне тікелей есеп беріп тұрады, республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Жаңа агенттіктің жыл сайынғы шығындары - 10 млрд теңге, оның ішінде еңбекақы төлемдер мен әкімшілік шығыстары - 9 млрд теңге, күрделі шығындар - 1 млрд теңге.
Өзгелердің жаңалығы