Бас жаңалықтар
Қарулы Күштердің  жауынгерлік даярлығы тексерілді
09 Наурыз 2021, 14:44 327

Қарулы Күштердің жауынгерлік даярлығы тексерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен түнде Шымкент пен Сарыөзекте орналасқан Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдері оқу-жаттығу дабылын қағып, жауынгерлік даярлыққа келтірілді.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінің жауынгерлік даярлығын қауырт тексеру шеңберінде өткізілуде.

Бөлім командирлері Жамбыл облысындағы «Мәтібұлақ» жалпыәскери полигонына бағынысты бөлімшелерді жіберуге жауынгерлік тапсырма алды. Әскери қызметшілер әскери машиналарда белгіленген ауданға бірнеше жүз километр марш жасады.

Ауыр шынжыр табанды бронды техника теміржол көлігімен және көлік тартқыштармен тасымалданады. Белгіленген ауданға келгеннен кейін бөлімшелер жабдықталып, одан әрі іс-қимыл жасауға әзірленіп, қорғаныс позицияларына орналасады, - делінген хабарламада.
калкатай.jpg

Әскерлердің іс-қимыл жоспарына сәйкес белгіленген ауданға келген кезде инженерлік құралдарын құрып, бекіністерді бүркемелеу және одан әрі оқу-жауынгерлік міндеттерді атқаруға әзірлік бойынша іс-шаралар атқарулары қажет. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...