Картоптан да қиын жағдай қалыптасты: Сұлтанов тағы бір мәселені түсіндірді

10 Маусым 2021, 10:36
4802
Бөлісу:
Картоптан да қиын жағдай қалыптасты: Сұлтанов тағы бір мәселені түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елімізде сәбіз өндірісінің жетіспеушілігі байқалатынын жеткізді.

Сәбіз бойынша одан да қиын жағдай қалыптасты. Қазіргі уақытта отандық өнім қоры жыл басымен салыстырғанда 5,3 есе төмендеді. Бұл ретте жыл сайын Қазақстанда сәбіз өндірісінің жетіспеушілігі байқалады, бұл қажеттіліктің 5-6%-ы, - деп толықтырды Сауда министрі.

Оның айтуынша, негізгі тапшылық сәуірден шілдеге дейінгі кезеңге келеді, оны біз Өзбекстаннан қымбат импорт есебінен толтыруға мәжбүр болып отырмыз.

Бұл ретте Өзбекстанда сәбіз бағасы жыл басынан бері 55%-дан астам өсті. Сәбіз бойынша өңірлер де қорлардың жеткілікті көлемін қалыптастырған жоқ – тұрақтандыру қорларында бар болғаны 258 тонна сақталып отыр, - деп түсіндірді Сұлтанов.

Министрі Үкіметте баяндағандай, сәбіз бойынша форвардтық сатып алу қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша 5,7 мың тоннаны құрайды, оның 73%-ы тек Алматы қаласына тиесілі.

Еске сала кетейік, елімізде картоп бағасы қымбаттаған. Бүгін Үкіметте Бақыт Сұлтанов оның неліктен қымбаттағанын түсіндірді. Айтуынша, былтыр картоп экспортына тыйым салу арқылы ғана баға тұрақтандырылған.


Өзгелердің жаңалығы