Карантин басталғалы елордаға 3800 жүк көлігі кіргізілді

8 Сәуір 2020, 13:34
1385
Бөлісу:
Карантин басталғалы елордаға 3800 жүк көлігі кіргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде елордадағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы Нұр-Сұлтан қаласы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту департаментінің басшысы Ерлан Бекмұрзаев баспасөз конференциясында атап өтті.   

Карантин басталғанан бері қалаға жалпы көлемі 40 мың тоннаға жуық 3800 жүк көлігі кіргізілді. Оның ішінде азық-тұлік өнімдері 14315 тоннаны құрайды. 
Бүгінде қалада азық-түлік қоры жеткілікті. Қалада А классты қоймалардың саны 5 ірі және 7 көкөніс қоймалары бар. Олардың барлығында азық-түлік қоры жеткілікті. Күні кеше елбасымен сол ірі қоймалардың бірінде болдық. Тауар тапшылығы байқалмайды-деді департамент басшысы. 

Тек 19 позициядағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 30 мың тонна көлемінде қалада бар, оның 25 мың тоннасы қоймалар мен көкөніс қоймаларында сақталған, қалған 5 мың тоннасы қаланың тұрақтандыру қорында.
Сонымен қатар, қала резервтерін толтыру бойынша бірқатар шаралар қабылдануда. Олардың ішінде өңірлермен жеміс-көкөніс тобына, ет және азық-түлік өнімдеріне белгіленген бағамен форвардтық келісімшарттар жасалуда. Яғни, Түркістан, Жамбыл, Ақмола және Павлодар облыстары. Және де Айналым тізбесі бойынша күріш, қарақұмық және көкөніс тобына белгіленген бағамен сатылатын шартымен ірі бөлшек сауда желілерімен жеңілдетілген несие туралы келісімдерге қол қойылды-деді спикер. 

Қосымша жергілікті бюджеттен тағы 1,5 млрд теңге бөлінген. Азық-түлік тауарларына бағаны реттеу мақсатында Үкімет 9 тауарға баға белгілерін қойды. Сонымен бірге, департамент басшысы бекітілген бағалар e-gov ресми сайтында орналастырылғандығын атап өтті.



Өзгелердің жаңалығы