Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда карантинде жатқан астаналық Айдана Капеннің анасы дәрігерлер мен полицейлердің қызметіне алғыс айтып, олардың еңбектеріне жоғары баға берді.
Журналист Айнұр Коскинаның қызы Айдана Капен кеше түнде Франциядан Қарағандыға ұшып келген.
Мен екі күн ұйықтаған жоқпын. Біз осы екі күнде күйеуіміз екеуіміз қызымызға барынша қолдау көрсетіп, сүйеу болуға тырыстық. Осының барлығы бекер емес екен. Қарағандылық дәрігерлер мен полицейлерге басымды иемін. Алла разы болсын!, - дейді Айнұр Коскина.
Франциядан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келуі тиіс болған әуе кемесі астана әуежайы ұшақты қабылдай алмағандықтан, Қарағанды әуежайына қонған. Бортта болған Айдана Капен кеше таңертең елге ұшардың алдында Францияны 1А категориясына енгізгендігін жаңалықтардан оқып білгендігін айтады.
Енді бізді бірден карантинге жатқызатындығын біліп, аздап қобалжыдым, бірақ бұл міндетті қауіпсіздік шаралары екендігін түсіндім. Астаналық әуежай біздің бортты қабылдай алмағандықтан біз Қарағандыға қондық. Ұшақ кабинасында отырғанымызда бізді тепловизормен тексеріп, жеке мәліметтеріміз көрсетілетін анкетаны толтыруымызды сұрады. Ұшақ қонғаннан кейін жолаушыларды екі адамнан шығарып, автобустарға отырғызды, - дейді Айдана.
Оның айтуынша, жолаушыларды қарсы алған санитарлы эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері барынша мейірімді болған. Жігіттер егде жастағы әжеге траптан түсуге көмектесіп, Айданының қол сөмкесін көтеріскен.
Біздің барлығымызды автобусқа отырғызғаннан кейін, ауруханаға жеткізді. Айналамдағы адамдардың көзінен үрейді көрдім, олардың көбісі не болып жатқандығын түсінбеді. Біреулері өздерін ауруханаға апара жатқандықтан қорықты. Мен өзімді байсалды ұстадым, себебі бізді бірден медициналық мекемеге карантинге жатқызатындығын білдім. Госпиталға әкелгеннен кейін де автобустан екі адамнан шығарды. Кезек күтіп отырғанымызда қарағандылық полицей бізге қолдау білдіріп, "Кеншілер қаласына және Головкиннің отанына қош келдіңіздер! Қорықпаңыздар, біз барлығымыз мейірімдіміз" деп айтты. Осы сөздерден кейін өзіміздің қауіпсіздікте екендігінімізді сезіндік, - дейді А.Капен.
Ұшақ жолаушылары оқшауландырылардан бұрын тағы да жеке мәліметтер сұратылып, қолдары мен ұялы телефондары дезинфекцияландырылған. Олардың шабадандары да зарарсыздандырылған.
Мені тағы бір қызбен бірге үш адамдық палатағы жатқызды. Әзірге үшінші орын бос. Палатар өте ыңғайлы, сабын, антисептик сияқты гигиеналық заттармен қамтылған. Ал медицина қызметкерлерін көргенде үрейдің жұрнағы да қалмады. Олардың барлығы өте мейірімді, қамқор, үнемі жымиып жүреді, бізге қорықпауымызды және уайымдамауымызды айтты. Бұл тек ғана карантин екендігін және екі апта осында болатындығымызды ескертті, - дейді карантиндегі қыз.
Айдана госпиталдың тамағына барынша көңілі толатындығын, бәрі дәмді екендігін айтады. Медицина қызметкерлері тарапынан көрсетіліп отырған қолдау да карантиндегілердің көңіл-күйіне оң әсер етуде. Олар өздерін жақсы сезінетіндіктерін айтады.
Енді 14 күн оқшаулануда болатын астаналық Айдана Капен жақын күндері елге оралатын студенттер мен қазақстандықтарға бірнеше кеңес берді.
Ұшып шығатын еліңіздің Қазақстанда қай категорияға жататындығын анықтап алыңыз, егер оқшауландыру міндетті елдердің қатарында болса бірінші кезекте қажет заттарды қол сөмкеге салып, дайындаңыз. Әуежайға су мен жүрек жалғайтын тамақ алуды ұмытпаңыз. Үрейге бой алдырмаңыз, арнайы киімдегі адамдар жауыздар емес, сіз бен біз сияқты адамдар, олардың жұмысы біздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету, маска мен көзелдіріктердің ар жағында мейірімді көздер мен жылы жүздер бар. Ұшардың алдында өзіңізді моралды тұрғыдан дайындаңыз. Әрине барлық жерде жақсы, бірақ бізді түсінетін, көмектесуге ұмтылатын және қамқорлыққа алатын отанымыздай ел жоқ екендігін айтқым келеді. Отанымызда карантинде болу қалай дегенменде көңілге тыныштық, жайлылық, сабырлық береді, - деді ол.