Қарағандылықтың пәтерін қонақтары тонап кеткен

8 Қараша 2021, 12:27
806
Бөлісу:
Қарағандылықтың пәтерін қонақтары тонап кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылықтың пәтерін қонақтары тонап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласының ПБ Киров полиция бөліміне 43 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу пәтерден жұмысында қолданатын барлық құрал-сайманын ұрлап кеткен.

Сонымен қатар ұры өзімен бірге пәтер иесінің ұялы телефонын алып кеткен. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 114 мың теңге.

Мән-жайды анықтай келе, сол күні жәбірленушінің пәтеріне көптеген қонақ келгені белгілі болды.

Қонақтардың бірі үй иесінің ұйқысын пайдаланып, бағалы заттарды қолды қылған.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер күдіктілерді – 35 жастағы ер адам мен 44 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Олар қылмысын мойындады. Айғақты заттар алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.


Өзгелердің жаңалығы