Қарағандыда жас жол қозғалысы инспекторларының слеті өтті

19 Тамыз 2019, 21:03
1775
Бөлісу:
Қарағандыда жас жол қозғалысы инспекторларының слеті өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық слетке Қазақстанның барлық облыстарымен қоса, Ресейдің Пермь, Қырғызстанның Жалал-Абад және Белоруссияның Гродно қалалалырынан командалар қатысуда, деп хабарлады ІІМ ресми сайты.

Шараның басты қонағы, «Бала даусы» байқауының жеңімпазы Ержан Максим. Шараның ашылуы кеншілер қаласындағы мәдени-демалыс саябағында өтті. Қазақстанмен көршілес мемлекеттерден келген келген командалар сап түзеп, субұрқақ маңынан мәдени-демалыс орталығының жағажайына дейін салтанатты шерумен өтті.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының атынан атынан барша қатысушыларға сәттілік тілеген Әлібек Кеңесбаев шараның маңыздылығына тоқтала келіп, байқауды өткізуге қолдау көрсеткен облыстық полиция департаментімен қала билігіне алғысын білдіріп, біліктіде білгір команда жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді.

"Салтанатты шара барысында балалар ансамбілі Людмила Мельникованың сөзіне жазылған жол жүру ережесі туралы ән шырқаса, сонымен қатар байқау қонақтарына Кеншілер астанасының тарихы туралы көріністер көрсетілді. Республикалық байқауға келген слеттің қатысушылары сондай-ақ, елімізге танымал, «Бала даусы» байқауының жеңімпазы Ержан Макисммен қосылып ән айтуға мүмкіндік алды. Жаста болса, әлемге танылған Ержан Максим әуелеген әнімен Қарағандылықтармен қала қонақтарын бір серпілтіп тастады", - делінген таратылған хабарламада.

Алдағы уақытта Слетке қатысушыларды қиында қызықты сәттер күтіп тұр. Өйткені олар «Реттеуші», «Саптық байқау», «Жол жүру ережелерін білу», «Агитбригада» сияқты бірнеше тур бойынша өзара бақ сынасады. Сонымен қатар республикалық байқауға балаларды алып келген полиция қызметкерлері «Жол жүру ережесін білу», «Алғашқы медициналық көмек көрсету», «Үздік насихаттаушы» байқаулары бойынша бақ сынасса, ұстаздар қауымы «Ашық үзіліс» байқауы бойынша сайысқа түседі. 

Слет бағдарламасы бойынша ұстаздармен полиция қызметкерлеріне бірнеше тренингтермен оқу семинарлары өткізіледі. Сонымен қатар барлық қатысушыларға қаланың көрікті жерлерімен қоса, Карлаг, Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президен мұражайларына саяхат жасалады.

Өзгелердің жаңалығы