Бас жаңалықтар
Қарағанды облысында ет пен сүт өнімдері көбірек өндіріле бастады
12 Қазан 2021, 09:00 180

Қарағанды облысында ет пен сүт өнімдері көбірек өндіріле бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасын сақтап отыр. Ауыл шаруашылығында жақсы қарқын байқалады, өңірдің фермерлері ет пен сүт өндірісін арттырды. Бқл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары онлайн режимінде аппараттық кеңесте талқыланды.
Ауыл шаруашылығында 2,5% өсіммен 339,4 млрд теңгенің өнімі шығарылады деп күтілуде. Мал шаруашылығында көлем 3,5%-ға, өсімдік шаруашылығы 0,1%-ға ұлғайды. Облыста ірі қара мал саны 605,8 мың басқа, жылқы – 437,4 мың, қой – 825 мың, ешкі – 219,1 мың басқа жетті, – деп хабарлады экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов.
Ет өндірісі 3,5%-ға артып, шамамен 105 мың тоннаны, сүт – 411,9 мың тоннаны құрап, 4,1%-ға артты.

Өнеркәсіп өнімі 3 трлн теңгеге өндірілді. Металлургия өнімдерін шығару ұлғайды. Болат өндірісінде көлемі 2 793,9 мың тоннаны құрап, 19,4%-5а, жазық илек – 16,9%-ға (2 202,6 мың тонна), шойын – 15,1%-ға (2 587,6 мың тонна) өсу болжанып отыр.

Облыстың негізгі капиталына инвестициялар бойынша 5,1% өсіммен шамамен 537 млрд теңге игеру күтілуде.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек оң динамиканы сақтау және барлық бағыттар бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша тапсырмалар берді.

Жалпы, барлық көрсеткіштердің оң динамикасы бар. Инвестициялар бойынша жақсы қарқын байқалуда. Жалпы соманың 90%-ын жеке инвестициялар құрайды. Бұл қолайлы инвестициялық климаттың барын көрсетеді, инвесторлар аймаққа сенеді және келеді. Ауыл шаруашылығында мал шаруашылығында да, өсімдік шаруашылығында да жақсы нәтижелер бар, – деп атап өтті өңір басшысы.
Қарағанды облысында 2021 жылға экономика өсімі 3,4% құрайды деп жоспарланған.

Фото: дереккөз
Загрузка...