Қандай ауамен демалып, қандай су ішетініміз, біздің қызметімізге тікелей байланысты – министр

12 Ақпан 2021, 17:55
2416
Бөлісу:
Қандай ауамен демалып, қандай су ішетініміз, біздің қызметімізге тікелей байланысты – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында айтты.

Министрлік Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын» тұжырымдамасына аса мән береді. Біздің жұмысымыз адамдардың проблемаларын шешуге бағытталуы тиіс. Министрлік халықпен тікелей жұмыс істейді. Қандай ауамен демалып, қандай су ішетініміз сіздер мен біздің қызметімізге тікелей байланысты, - деп атап өтті ол.

Осы ретте министр әріптестеріне өңір тұрғындарымен тұрақты түрде кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Пандемия кезінде бұл жұмысты интернетте де жүргізуге мүмкіндік бар. Ашық болу, әлеуметтік желілерде аккаунттар құру және келіп түскен сұрақтарға жауап беру - біздің міндет. Министрлік азаматтық сектор, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен жұмыс жасауға дайын, - дейді Экология министрі отырыста.

Мемлекет басшысы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын мерекелеу бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысында «Таза табиғат» акциясын жүргізуді тапсырды.

Осы ретте министрлік акцияны өткізу бойынша жол картасын дайындауда.


Өзгелердің жаңалығы