Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа жіберді

21 Ақпан 2021, 11:07
2308
Бөлісу:
Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа жіберді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) АҚШ-тың Флорида штатындағы Майамиде өткен бокс кешінде қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бастапқыда Қанат Ислам ганалық Ободаи Саимен (35-3-1, 26 КО) жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда белгісіз себептермен африкалық боксшының жекпе-жекке қатыспайтыны анықталып, оның орнына эквадорлық Джейсон Минда (14-3-1, 8 КО) шаршы алаңға шығатыны белгілі болған еді. 

Сонымен КОТV платформасында тікелей эфирден көрсетілген жекпе-жек 10 раундқа созылуы тиіс болатын. Алайда айқас барысында Қанат Исламнан екі рет нокдаун алған Джейсон Минда жетінші раундта нокаутқа түсіп қалды.


Өзгелердің жаңалығы