Кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық көрсету тыйылмай тұр - Милюк

15 Наурыз 2021, 11:51
2627
Бөлісу:
Кәмелетке толмағандарға  жыныстық зорлық-зомбылық көрсету тыйылмай тұр - Милюк

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрғасы Алексей Милюк ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты. 

Жасөпірімдерге қатысты жасалатын қылмыс саны азайып келеді. Бұл көрсеткіш жыл сайын 1000 дерекке қысқарады. 2013 жылдан бастап олардың саны 9 мыңнан 1800-ге дейін, яғни 5 есеге қысқарды. Кәмелетке толмағандарға қатысты ауыр қылмыс көрсету көрсеткіші 12 пайызға, қарақшылық 71 пайызға, ұрлық 43 пайызға, тонау 49 пайызға, тәртіпсіздік 27 пайызға қысқарды, - деді Милюк. 

Оның айтуынша, жеткіншектерге қатысты жыныстық қылмыс саны соңғы 5 жылда 1,5 есеге қысқарды. 

Алайда жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен заңның күшейтілуіне қарамастан кәмелетке толмағандарға  жыныстық зорлық-зомбылық көрсету тыйылмай тұр. Мұндай қылмыстар латенттік болып есептеледі. Ата-аналардың өздері балаға көрсетілген зорлықты көп уақыттан кейін біліп жатады. Кәмелетке толмаған жеткіншектерге көрсетілетін жыныстық қылмыстың 70 пайызы үйде және таныс адамдар тарапынан жасалады. Мұндай деректерді анықтауға құрбандардың  ата-аналарының қоғамдық сынаудан қорқып, оны жасыруға тырысуы күрделі ете түседі, - деді ол. 

Милюк атағандай, мұндай әрбір екінші қылмыс полиция кіре алмайтын тұрғын үйлерде жүзеге асырылады. 

Жағдайлардың 30 пайызы бойынша денсаулық сақтау органдары ерте жүктілік дерегін тіркеді. Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде ата-аналар бұл деректерді полицияға ашық айта бастады, - деді Алексей Милюк.
Өзгелердің жаңалығы