Кәмелетке толмаған 5 мыңға жуық бала полиция есебінде тұр – Милюк

15 Наурыз 2021, 11:25
1439
Бөлісу:
Кәмелетке толмаған 5 мыңға жуық бала полиция есебінде тұр – Милюк

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрғасы Алексей Милюк ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты. 

Балалардың құқығын қорғау – мемлекет пен қоғамның басты міндеті. Соңғы жеті жылда елде жасөсіпірімдер арасындағы қылмыс саны қысқарып келеді. 2013 жыл мен 2019 жылды салыстырғанда бұл көрсткіш 64 пайызға қысқарған. Былтыр бұл көрсеткіш тағы үштен бірге қысқарды. Олардың арасында ұрлық 39 пайызға, тонау 54 пайызға, қарақшылық 79 пайызға, тәртіпсіздік 25 пайызға азайды, - деді ол. 

Милюктің айтуынша, жасөсіпірімдер тарапынан болатын қылмыс қажетті бақылаудың болмауынан орын алады. 

Жыл сайын полиция органына 100 мың кәмелетке толмаған балалар түседі. Бұл жасөсіпірімдер адам тұрмайтын үйлерде және тұнгі мекемелерде заңды өкілдерсіз жүрген. 2020 жылы әкімшілік жауапкершілікке 65 мың ата-ана тартылды. Олар түнгі уақытта балаларының көңіл көтеру орындарында жүруге рұқсат берген. Сондай-ақ 800-ден астам мейрамхана жетекшілері кәмелетке толмаған балалалардың жүруіне рұқсат бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді ол. 

Комитет төрағасының айтқандай, тәртіпбұзушылыққа бейім 4 мыңнан астам жасөсіпірім  бақылаусыз жүргені үшін бейімделу орталығына орналастырылды. 

Полиция есебінде тәртіпбұзушылыққа бейім 5 мыңнан астам кәмелетке толмаған жеткіншек тұр. Олармен жеке, алдын алу жұмыстары жүргізілуде, - деді Алексей Милюк.
Өзгелердің жаңалығы