Көлгіновтің қарамағындағы шенеунік 20 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

14 Мамыр 2020, 14:32
1960
Бөлісу:
Көлгіновтің қарамағындағы шенеунік 20 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы мен тағы бірнеше адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Нұр-Сұлтан қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқарма басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 
Ол жер учаскелерінің ривизиясына бөлінген ақшаны жымқыруға қатысты бар деген күдікке ілінді. Осы жоба бойынша, шамамен 20 миллион теңге ұрланды, - деді Биғайдаров.

Әкімдіктің сайтында Нұр-Сұлтан қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқарма басшысы деп Нұрлан Уранхаев көрсетілген. Ол бұл лауазымға 2019 жылдың 13 мамырында тағайындалған.

Ал жалпы, 1 мамырдан бері республика бойынша 118 қылмыстық іс тіркелді. Басым бөлігі – пара алу, ұрлау, жымқыру және алаяқтық фактілері. Құрылысқа қатысты жемқорлық фактісі бойынша елордамен бірге Қостанай облысында да тіркелген. Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы да сотқа дейінгі тергеу амалдарынан өтіп жатыр.

Ол "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында аз қамтылған отбасыларға арналған пәтерлерді сатып алуға қатысты мемлекеттік сатып алу келісімінің кедергісіз ресімделуі үшін Жылжымайтын мүлік агенттігі риэлторынан 800 мың теңге пара алды деген күдікке ілініп отыр.



Өзгелердің жаңалығы