Израиль Қазақстанға 4,5 миллион теңгеге гуманитарлық көмек жібереді

27 Шілде 2020, 11:05
1337
Бөлісу:
Израиль Қазақстанға 4,5 миллион теңгеге гуманитарлық көмек жібереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстандағы Израиль елшілігі хабарлады.

Онда республика ішінде COVID-19 инфекциясының таралуын тежеуге және вируспен алдыңғы шепте күресіп жүрген медицина қызметкерлерінің денсаулығын сақтауға арналған қорғаныс костюмдері бар. Гуманитарлық көмек Израильдің МАШАВ халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі агенттігінен бағытталған.

Коронавируспен күрес жаһанда ең өзекті мәселе болып қала береді және біз үшін осындай қиын кезеңде достарымызды қолдау маңызды, - деп атап өтті Израиль елшісі Лиат Вексельман.

Сондай-ақ, Израиль COVID-19 инфекциясын емдеу мәселелерінде қазақстандық тарапқа консультациялық қолдау көрсетеді. Израильдік дәрігерлер қазақстандық әріптестерімен видеоконференция өткізуде.

Елшілікте атап өткендей, денсаулық сақтау Қазақстан мен Израиль ынтымақтастығының негізгі салаларының бірі.
Біз медицина саласынан бөлек, өзге бағыттар бойынша да елдеріміз арасындағы тиімді өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ниеттіміз, - деп толықтырды елші.


Өзгелердің жаңалығы