Іздеуде жүрген адам Қазақстанға экстрадицияланды

3 Желтоқсан 2021, 09:32
927
Бөлісу:
Іздеуде жүрген адам Қазақстанға экстрадицияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Германиядан халықаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы Сергей Валерьевич Шубинді экстрадициялады, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Шубин ақмолалық кәсіпкердің 170 000 еуро ақшасын ет өңдейтін неміс жабдығын жеткізу амалы арқылы алаяқтық жолмен иемденді деп күдіктелуде.

Қазақстан мен Германия арасында іздестіріліп жатқан адамдарды ұстап беру туралы шарт болмағанымен, Бас прокуратура айыпталушыны экстрадициялау туралы неміс тарапымен келісімге халықаралық құқықта қолданылатын өзара түсіністік қағидаты негізінде қол жеткізді.

Қазіргі уақытта С. Шубин Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Өзгелердің жаңалығы