Италиядағы көлік апатында жарақат алған қазақстандықтар санавиациямен әкелінуі мүмкін

27 Мамыр 2019, 16:44
3022
Бөлісу:
Италиядағы көлік апатында жарақат алған қазақстандықтар санавиациямен әкелінуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір екі әйелді санавициямен әкелу жағы қарастырылып жатыр. Бұл туралы бүгінгі брифинг барысында ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Қазіргі таңда көлік апатынан зардап шеккен екі әйелдің жағдайы орташа, ауруханада жатыр. Туыстары қасында. Біздің консул барлық көмекті көрсетіп жатыр. Кеше біз Италияның дәрігерлерінен оларды санавиациямен алып кетуге болады деген рұқсатын алдық. Қазір ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатырмыз. Егер екі жақтың дәрігерлері алып кетуге болады деген қорытынды шығарса, онда елге әкелеміз деген ойдамыз», - деді Айбек Смадияров. 

СІМ баспасөз хатшысының айтуынша, жол апатына түскен қалған қазақстандықтар сол жақтағы турын жалғастырған. Олардың турының мерзімі 26 мамырда аяқталған. Бүгінде елге келген болу керек.

Еске сала кетейік, бұған дейін Италияда жол апаты орын алып, Қазақстанның 9 азаматы зардап шеккенін хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы